Мектеп тарихы » Тұяқбаев ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2017

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Мектеп жас ұрпаққа мазмұнды тәрбие беретін, баланың сауатын ашып, жан-жақты білім негіздерімен сусындатып, қанатын қатайтатын киелі орын. Және де мектеп түрлі тарихи кезендерді бастан өткізеді: Сол секілді А.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектебінің де өзіндік тарихы бар.
Мектеп ғимараты 1975 жылы жатақхана ретінде қаланған. Бұған дейін «Өркен» ауылында орналасқан мектеп ғимаратында дәріс берілген. Ол жерден 1987жылы Калинин атындағы негізгі мектеп болып қазіргі ғимаратқа көшірілген. Сабақ орыс және қазақ тілдерінде жүргізілгендіктен, шағын ғана ауылда тұратын түрлі ұлт өкілдері осы мектептен білім алды.
1992 жылы мектепке Айдар Тұяқбаев есімі берілді.
2001 жылдан бастап негізгі мектептен 11 жылдық қазақ және орыс мектебі болып өзгертілді.
Мектептің ең алғашқы директоры орыс тілі мен әдебиетінің маманы –Шагинян. Ол кісі мектепті 1960-1964 жылдар аралығында басқарды.
1964-1969 жылдар аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Тұяқбаев мектепке басшылық етті. А.Тұяқбаев тек директор ғана емес, бірнеше ұлттың өкілдері оқитын осы мектепті достықтың, татулықтың мекеніне айналдырды. Білім саласында, азамат санасында өзіндік із қалдырғандықтан мектебіміз әлі күнге дейін А.Тұяқбаев есімін иеленіп отыр.
1969-1972 жылдары тарих пәнінің мұғалімі З.Ш. Шойбеков деректорлық етті.
1972-1982 жылдар А.Б. Мырзаев директор болды. Мамандығы – математика. Өз пәнінің жетік маманы болған А.Б. Мырзаев директор ретінде де іскер басшы болды. Ол кісінің өнегелі істері ұрпағына үлкен өнеге екендігі даусыз. Бүгінгі таңда ұл-қыздары әке жолын қуып, осы мектепте ұстаздық етуде ал Аскербек ағай ауылдың ардақты ақсақалы, сыйлы азаматы болып отыр.
1982-2009 жылдарда мектепті Ж.Т. Дүйсебаев басқарды. Ол кісі басқарған осы кезең түрлі тарихи деректерге, мазмұнды оқиғаларға толы. Ж. Дүйсебаев КСРО тұсында да, еліміз егемендік алғаннан соң да басшылық етті. Өз ара тоғысқан осы екі кезеңде тепе-теңдік сақтап, бұрынғы құндылықтарды жоғалтпай, кеше мен бүгінгі сабақтастыра білді. Бірнеше ұлттар мен ұлыстардың мекені болған осы мектептегі ынтымақ пен достық мәселесін жоғары сатыға қойып, білім мазмұнын арттыра түсті.
«Үздік аттестат», «Алтын белгі» иегерін, грант иегерлерін шығарып, мектеп мерейін өсірді.
2006 жылы Дуйсебаев Умирзак «Алтын белгі» иегері, Шымырова Алия «Үздік аттестат» иегері болды.
Төмендегі 7 окушылар грант иегері атанды:
Дуйсебаев Умирзак, Шымырова Алия, Аханов Ержан, Даткаева Ақмарал, Беркинова Аида, Қалдарова Айгерім, Даткаева Гаухар
2007 жылы томендегі 6 окушылар грант иегері атанды:
Тұяқбаева Ұлдана, Уразымбетова Айгерім, Датқаев Бағдат, Бөрбасова Айгерім, Ханқожаев Жумабек, Туранов Серік.
2008 жылы төмендегі 10 окушылар грант иегері атанды:
Бакиров Нурділлә,Алибаев Бауыржан, Мамешов Бақытжан, Аханов Ердаулет, Жандарбеков Нурмахан, Тлеубергенова Махабат, Манапова Аиткул, Муратова Алия, Сейдуалиева Айжан, Сартыбаева Базаркул.
2009 жылы Беркинова Жазира мен Ханқожаева Сандигул « Алтын белгі» иегері болды.
Төмендегі 7 окушылар грант иегері атанды:
Беркинова Жазира, Ханқожаева Сандигул,Омашев Нурсултан, Нурмағанбетова Маржан, Медетова Лаура, Даткаев Мақсат, Муратова Жанар.
Ж. Дуйсебаев атқарған еңселі істер ауыл тұрғындарының жадында және келер ұрпаққа өнеге боларына ешкім таласа алмайды. Өзінің асқақ атын аласартпай, абыройлы азамат, тұлға ретінде Ж. Дуйсебаев 2 «Алтын белгі» иегерін шығарып,зейнеткерлікке кетті. Ұжымның берекесі, шәкірттеріне үлгі бола білген Ж. Дуйсебаевтың есімі тарих тақтасына ерекше әріптермен жазылмақшы, әлі талай ұрпаққа өнеге болмақшы.
2009 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі С. Сейдуалиева директорлық қызметке тағайындалды. С. Сейдуалиева аз ғана уақыттың ішінде мектеп ұжымымен тіл табысты, шакірттерді биікке жетелеуде. Ата-аналармен үздіксіз байланыс орнатып, оқушылардын жарқын болашағы үшін түрлі мақсаттарды жүзеге асыруда С. Сейдуалиеваның жұлдызды сәттері алда екені сөзсіз.

Похожие публикации:

15 февраль 2017 Жетістіктер
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив